Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.Көктем айы келгелі жаңарған жер жүзіне әр азамат өз  күші келгенше үлес қосып жатыр. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген қазақтың мақалын тірілтуге ҚазҰТУ дың жақсылыққа жаны құмар, оқу үздіктері белсене ат салысты.Студенттердің белсенділігін арттыру және табиғатты қорғау мақсатында университетіміздің түлектері Алумни ассоциациясының «Алтын түлек » жобасы бойынша Медеу саябағы аумағында жаңа көшеттер отырғызды.Университетіміздің алға ұстар түлектерін  алғыс хатпен Медеу аудандық экологиялық бөлімінің басшысы Ескендіров Мақсат  Айтуғанұлы және Медеу аудандық экологиялық бөлімінің аға кеңесшісі Баймұрат Аслан Күлмұханұлы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі мекемесінің маркетинг, мониторинг және бақылау бөлімінің басшысы Жайлемисова Шолпан Башырқызы және осы мекеменің көріктендіру және коммуналдық  шаруашылығының бөлім бастығы Маматаев Әсет Сайлаубекұлы мараппаттады.

IMG 3099