Медеу ауданында 2017 жылдың қараша айының 29 жұлдызында № 161 лицейде оқушылар арасында экологиялық тәрбиеге байланысты сайыс өткізілді. Сайысқа №12 , №19, №163 мектептерінің 8– 9 оқушылары қатысты. Іс – шара тақырыбы «Адам және қоршаған орта» Оқушылар өздерінің болашақ Алматы қаласының экологиясы туралы ойларын білдірді.

1-кезең Топтың аты, эмблемасы, ұраны.

2-кезең «Тапқырлар сайысы» Экология тақырыбына байланысты сұрақтар қамтылады.

3-кезең «Менің сүйікті қаламның болашақ көрінісі» тақырыбында  Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында болашақ макетін жасап, таныстыру.

4-кезең «Сыр сандық»  Экология тақырыбына байланысты сұрақтар қамтылады.  Сыр сандығымызда жасырылған сұрақтың жауабы бар.Сұрақты мұқият тыңдай отырып жауап беру керек.