Медеу паркінің аумағында 2018 жылдың 27 мамыр күні «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының (ары қарай - «Жасыл ел» ЖЕЖ) қатысуымен сенбілік өткізілді.

«Жасыл ел» ЖЕЖ «Жасыл қала» атты жаңа маусымының алғашқы науқанын өткізді. Сенбілікте Алматы қаласының ЖОО-ның 350 студенті қатысты. Парк аумағы құрғақ ағаштардан және қатты қалдықтардан тазартылды, жиналған қалдықтың көлемі - 11 м³.

Сенбіліктің соңы концертпен аяталды.