2019 жылдың 3-і акпан күні «Баум Тоғайы» ТП-де шаңғы спортынан Қазақстан Республикасының 4-ші жастар ойындарының іріктеу кезеңі мен Қазақстан Республикасының оқушыларының 9-шы қысқы спартакиадасы ұйымдастырылды. Аталмыш жарысқа 80-ге жуық адам қатысты. Оның ішіндегі ең жас қатысушылар 2009 жылғы және одан жоғары болса, ал ең жасы үлкен қатысушы 1952 жылы туылған спорт шебері, ардагер спортшы - Литвинова Людмила Андреевна болды.

Қатысушыларға жарыс соңында грамота, медалдар табысталды.