Биылғы жылдың 15 наурызында «Баум Тоғайы» табиғи паркінің аумағында  кезекті Халықаралық «Құстар күні» өткізілді.

Халықаралық «Құстар күні» 1906 жылғы 1 сәуірде Құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылған кезден бастап атап өтіле бастады.

Бұл мереке Қазақстанда 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Парк аумағында құстар күнін жыл сайын өткізіп тұрады. Барлық қатысамын деуші адамдар өздерінің құс ұяларымен  келіп, осы іс-шараға қатыса алады.

Бұл мереке наурыз-сәуір айларында құстарға деген сүйіспеншіліктің керемет үлгісін көрсетіп, өз балапандарын туған жерлерінен шығару үшін мыңдаған шақырымды бағындырумен де маңызды.

Мереке экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жалпы білім беру мекемелерінің білім алушыларын қоршаған ортаның экологиялық жағдайын зерттеуге және табиғатты қорғауға тарту мақсатында өткізіледі.

Іс-шара барысында Алматы қаласының № 173 мектеп-лицей оқушылары мен «Медеу» МӨТП КММ қызметкерлерімен бірлесіп, өз қолдарымен жасалған 25 дана құс ұясын ілді. Оқушыларға  және мектеп басшылығына алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, «Баума тоғайы» ТП аумағында қызметкерлер осы іс-шараға арналған сенбілік өткізді.