Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бұл мереке біздің көпұлтты халқымыздың ерекше дәстүріне, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды.

Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта тәрбиелеу.

Қазақстанның бірлігі күні барлық мектептерде, университеттерде, колледждер, жекеменшіктегі кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарда айрықша атап өтіледі.

Жыл сайын тойланатын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.