DSC 01503«Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Медеу» паркінің аумағында 2014 жылдың 28 қарашасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне орай мерекелік іс-шара өтеді.

Мерекелік іс-шарада Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысады. Студенттер табиғаттың сұлулығын кенептерде бейнелеп, «Ең үздік сурет» байқауы өткізіледі. Сонымен қатар, парктің аумағында құзға шығу байқауы өтеді, Алматы қаласының Спорттық туризм Федерациясы мен Алматы қаласының студенттері, «Альпілік раушан» туристік клубы қатысады. І, ІІ, ІІІ орындар анықталып, мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталады.

Әртістер өнерін ортаға салады, тегін ыстық тамақ беріледі, мерекелік іс-шара өте қызықты өтеді.

Алматы қаласының қонақтарын біздің мерекелік іс-шараға шақырамыз. 2014 жылдың 28 қарашасында «Медеу» паркінің аумағында сағат 10:00-де басталады(Экологиялық бекеттен жоғары).

Барлық сұрақтарыңыз бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: +7(727)395-24-36