112«Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2014 жылдың қарашаның 28-ші жұлдызында «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» күніне орай «Медеу» паркінің аумағында мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұллтық өнер академиясының студенттері қатысты. Студенттер табиғат сұлулығы мен әсемділігін кенепте бейнеледі, нәтижесінде «ең жақсы суретке» байқау жарияланды. Сонымен қатар, парктің аумағында Алматы қаласының Спорттық туризм Федерациясы мен туристік көп сатылы жарысының шыңға өрмелеушілерінің көмегімен Қазақстан Республикасының туы 100 м биіктікке көтерілді, І-ші,ІІ-ші,ІІІ-ші орындар анықталып, мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.

Әртістер өнерін ортаға салып, ыстық тамақ берілді, мерекелік іс-шара өте қызықты өтті!

Суреттерді біздің сайтымыздан көре аласыздар!