Медеу паркінің аумағында 2018 жылдың 27 мамыр күні «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының (ары қарай - «Жасыл ел» ЖЕЖ) қатысуымен сенбілік өткізілді.

Ставим в известность, что согласно решению маслихата города Алматы VI-го созыва от 13 декабря 2017года №182 «О бюджете города Алматы на 2018-2020 годы», выделены денежные средства, направленные на содержание и эксплуатацию офисного помещения, расположенного по адресу: улица Шарипова/Досмухамбетова, 90/89-83.

Ғ.Мүсірепов атындағы «Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер теарының» саябағын көгалдандыру және жас ағаштардың санын арттыру мақсатында 15 сәуір 2017 жылы 40 дана қарағай және катальпа ағаштарын Алмалы ауданының ҚР және ЭҚ бөлімі отырғызып берді.

Сотрудниками отдела охраны окружающей среды и экологии Бостандыкского района 21.10.2017г совместно с ВУЗ ом «Египетский университет исламской культуры им.Нур Мубарак» были произведены работы по посадке саженцев в количестве 100 шт.

Алатау ауданының қоршаған орта және экология бөлімінің қызметкерлері 2017 жылда атқарылған жұмыстары бойынша төмендегідей мәлімдеймін:

Алғабас, Айгерім, Ақбұлақ, Құрылысшы, Шаңырақ-1, Қарасу, Көк-Қайнар ықшам аудандары бойынша, қоқыс үйінділерін тегістеу жұмыстары жүргізіліп, 70 м3 көлемінде қоқыс полигонға шығарылды.

Ағымдағы жылы Түрксіб ауданында Сүйінбай көшесіндегі №32 орта мектепте және Кайрат ықшам ауданында орналасқан мешіт пен медресе аулаларын көріктендіру жұмыстарына бөлім тарапынан демеушілік көрсетіліп, мектепке 10 талшын және 9 бозарша және мешітке 10 бозарша ағаштары отырғызылды.

Медеу ауданында 2017 жылдың қараша айының 29 жұлдызында № 161 лицейде оқушылар арасында экологиялық тәрбиеге байланысты сайыс өткізілді. Сайысқа №12 , №19, №163 мектептерінің 8– 9 оқушылары қатысты. Іс – шара тақырыбы «Адам және қоршаған орта» Оқушылар өздерінің болашақ Алматы қаласының экологиясы туралы ойларын білдірді.

   Жаңа жылыңызбен!

                                                      С Новым Годом!

Құрметті әріптестер! Уважаемые клиенты!

Сізді Жаңа жылыңызбен құттықтаймыз! Қиындықтың бәрі де ескі жылда қалсын, жаңа жыл тек қана бақыт, бастаған жұмыстарыңызға сәттілік пен табыстар әкелгсін! Жаңа жыл бақытты жыл болғай!

 

Поздравляем Вас с Новым годом! Пусть все проблемы останутся в прошлом, а новый год принесет лишь счастье, удачу и успех во всех начинаниях! Счастливого Нового года!

Қараша айының 16-сы күні №148 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Жетісу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мектеп-гимназия ауласында емен ағашының ұрығы егілді. Емен ағашын егуге 7-сынып оқушыларымен қатар, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы, Жетісу ауданы қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы Иешов Куаныш Серікұлы, №148 мектеп-гимназия директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы қатысты.

IMG 056016.11.2017 жылы Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, №188 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен, ауданымыздағы «Жомарт» және «Компания Алматы ДорСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қолдауымен «Перзент» балалар үйінде Наурызбай ауданы әкімінің бекітілген Медиа-жоспарына сәйкес «Мен өмірге құштармын!» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында «Жомарт» және «Компания Алматы ДорСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшыларының атынан балаларға базарлық таратылып, мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.