«Медеу» МӨТП КММ негізгі мақсаттары: Мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді тұтастық экожүйе бірегей табиғи кешендердің, эстетикалық тартымдылығын тау ландшафтарының экологиялық туризмнің және тұрғындар ағарту істеріне арналған табиғатты қорғау мәртебесіне ие мемлекеттік мекеме Алматы қаласының әкімдігі 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 3/332 қаулысынмен құрылған
2011жылы 17 мамыр күні 2011 жылдың 27 маусымында қайта болған табиғи климаттық құбылыстың салдарынан парк аумағында 10 мыңға жуық ағаштар құлады қазырғы ауқытта аппат салдары жойылды. 2011 жылы 4804 дана, 2012 жылы 1360 дана,2013 жылы 10230 дана, қылқан жапырақты және жасыл жапырақты көшеттер отырғызылды.
Бір айда «Медеу» МӨТП-не 5мың адам кіріп шығады оның 4 мыңы демалыс және мейрам күндері. Ал 2мың адам күнделікті жай күндері кіріп шығады. Адамдар көп келетін орындар «Шымбұлақ» тау шаңғы спортық шипажайы, «Медеу» биік таудағы спортық кешені.
Жыл сайын Алматы қаласында төтенше жағдайлар департаментімен және Іле Алатау ұлттық паркі және Медеу филиалымен бірлесе ұйымдастырылған өз ара жоспары келісіп бекітіледі.Өрт қауіпсіздік ережесін сақтап от жақтырмай жаяу жол патрульдері демалыс мейрам күндері тұрақты кезекпен жүріп қадағалап тұрады. Парк аумағында «өрт қауіпсіздік ережесіне» қарсы 8 ақпараттық шит орнатылған.
Әр жыл сайын көктем күз айларында парк аумағында қылқан жапырақты және жасыл жапырақты көшетті ағаштар отырғызылып тұрады. Табиғатымызға тұрғындар мейірімділігімен қарап және жыл сайын ағаш отырғызу кезінде өз үлестерін қосып жатқан демеушілер бар: қоғамдық қор «Жаңа Алатау», ЖШС «Табиғат Мирасы», Евразиялық банк, ЖК Нұртаев, ЖШС «Посади дерево», ЖШС«Даму», ЖШС «Фирма ЛЭУ», ЖШС«Жасыл Алем» және т.б.
Парк аумағы Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка шатқалдарын қамтиды, және 708,2га құрайды (ТЭО 2015ж). Парк аумағында дифференциалды пайдалану режимі бекітілген.
Парк аумағын Кіші Алматы өзені ағып өтеді, Қаскелкең өзенінің оң жақ ағысы болып келеді және Іле өзенінің бассейніне қарайды. Өзеннің қалыптасу көзі 3000 м. биіктікте орналасқан Тұйық-Су мұздығынан бастау алады.
Горельник өзені (Куйгенсай) шамамен 3000 м. биіктікте орналасқан Іле - Алатауының солтүстік беткейінен бастау алады.
Қарасу өзені - оң ағысы. Бұл Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі бұлақ көздерінен бастау алады. Ұзындығы 17 км.
Қотырбұлақ өзені - қотырбұлақ тауының солтүстік беткейінен шығып, Кіші Алматы өзеніне құяды. Ұзындығы 32 км.
Батарейка өзені (Беделбай) - Көкжайлау шатқалынан басталып, 6,5 шақырымнан кейін Кіші Алматы өзеніне құяды.
КММ МӨТП «Медеу» аумағында «Қазақстан қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктің 12 түрі:
Сирек және жоғалып баражатқан жануарлар мен эндемиктер
Кіс (Martes foina);
Түркістан сілеусіні (Lynx lynx);
Тяньшань қоңыр аюы (Ursus arctos);
Қар барсы, ірбіс (Uncia uncia);
Парк аумағында сирек кездесетін, жоғалып баражатқан «Қазакстан қызыл кітабына» енген қанаттыларды кездестіруге болады.
Көк құс (Myophonus caeruleus);
Бүркіт (Aguila chrysaetos);
Шахин (Falco pelegrinoides);
Кұмай (Gyps himalayensis);
Уақытылы Парк қызметкерлері, Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтары арасында орманды қорғау және сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Негізгі қызметтің барлық сұрақтары бойынща кеңес көмегін береміз.
Парк аумағында ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің және Парк тұрғындарының қатысуымен сенбілік тазалығы жүргізіледі.
Орманның зиянкестері мен ағаш аурулары тарап кетпесі үшін, Парк аумағын 2 этаптан тұратын кенеге қарсы залалсыздандыру жұмысы жүргізіледі.
Келушілерді ақпараттандыру мақсатында Парк аумағында ақпараттық тақталар орнатылған.
Жыл сайын өткізілетін іс-шаралар:
Алматы қаласы оқушыларының қатысуымен Парк аумағында «Құстар күні» науқаны;
«Парктер шеруі» халықаралық науқаны;
«Орман жұмысшылары күні» науқаны жүргізігеді.
- Алматы қаласының әкімшілігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысы бойынша, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңының 17 бабы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және көлік жүктемесін және қоршаған ортаға антропогендік ықпалын төмендету мақсатында, Алматы қаласының әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлік құралдарының, коммуналдық қызметтердің, аталған аймақта тұратын және (немесе) жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет_көрсететін_көлік құралдарының, электромобильдердің_жүруін қоспағанда,_көлік құралдарының «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына кіруін шектейді.
- қала тұрғындары, электрокарлары бар қала тұрғындары тиісті құжаттарды ұсынған кезде жол жүруге мүмкіндігі бар;
- эко-такси және shuttle bus (микроавтобус), - экологиялық таза көлік, ВСК "Медеу" бағыты бойынша - "Шымбұлақ"ТШК. Барлық автокөлік құралдары желдетілген тежеу жүйесімен жабдықталған, өту мүмкіндігі жоғары және шаңғы мен сноубордтарды көтеру үшін бекіткіштер бар.