Алматының белсенді жастары Елбасын қолдау мақсатында, Медеу шатқалына шығып, арнайы мерекелік шара өткізді. Қылқалам шеберлері президетке арнап сурет салса, енді бірі ән айтып, би биледі.
Құрбыларымен бірге, ашық аспан астында, табиғаттың әсемдігін қағазға түсіріп жатқан Жанкелді Жұман, бұл картинасын «Президент күніне арнаған арнайы тартуым», - дейді. Ол жеті жасынан бастап, қолына қылқалам алып, бейнелеу өнерімен айналысып жүр екен.
Президент күні қарсаңында, табиғатта серуендеп жүрген өзге студенттер бүгін жотаға өрмелеп, алдына қойған межені, шыңды бағындырумен болды. Енді бірі ауа райының суықтығына қарамастан би билеп ән салды.
Кішкентай бүлдіршіндер де Елбасыға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Шара соңында, жиналған қауым тәтті тағамнан, қымыз бен шұбаттан дәм татып, мәре-сәре болды.
Рауан Оқас, Әл-Фараби Гусенцов, «Алматы» телеарнасы