"Туған жердің табиғатын аялайық!". Қаламыздың медеу ауданында дәстүрге айналған " Парктер шеруі-2014" атты ірі экологиялық шара өтті.
Табиғатты аялайық тақырыбында ұйымдастырылған шараның бір ерекшелігі оған тек университетті тәмәмдағалы отырған түлектер ғана қатыса алады. Бүгінгі акцияға шамамен қаламыздағы оқу орындарының 70-ке жуығы түлегі қатысты.
"Біз бір топ политехникалық университтетің жастары медеу шатқалына 100 ден астам терек отырғыздық. Біздің мақсатымыз әрбір тұрғынға табиғатты аялаудың маңыздылығын түсіндіру", - деді Қ.Сәтбаев ат. Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің түлегі Айғали ГҮЛЗАТ.
«Төртінші мәрте өтіп отырған шерудің басты мақсаты Медеу табиғи қорығын таза қалпында сақтау мен жастар арасында ағаш отырғызудың мәдениетін қалыптастыру», - дейді ұйымдастырушылар.
"Медеу ауданының әкімшілігі мен табиғат кешенін қорғау департаментінің мамандары осы шараға қаланың барлық жастарын белсенді түрде қатысуына шақырады. Биыл біз қаланың барлық парктерін қамтимыз", - деді Алматы қ. Табиғат кешенін қорғау инспекциясының бөлім басшысы Қызайбай МҰНАСБАЙҰЛЫ.
Қайын мен балқарағай ағаштарының 200-ге тарта жас көшеті отырығызылды. Табиғаттың қаймағы бұзылмаған керемет жерлерін қаз қалпында сақтап, келешек ұрпаққа табыс ету, әр түрлі сирек кездесетін өсімдіктер мен аңдар, жан-жануарларды және де табиғат ескерткіштерін көздің қарашығындай қорғап, сақтап қалу бұл «Паркткер шеруі» фестивалінің ұранына айналған.
Самат Нұрланбекұлы, Ерлан Сағынбеков, «Алматы» телеарнасы