Үлкен Алматы өзені экологиялық апаттың сәл-ақ алдында тұр. Жағадағы ағаштар аяусыз шабылып, өзен арнасы қоқысқа толып жатыр. Бізге хабарласқан тұрғындардың айтқанын қаз-қалпында жеткізіп отырмыз. Ашынған дауысы ащы шығатын алматылықтарда, егер билік бұл мәселеге шұғыл назар аудармаса, өзен арнасынан тасып, үйлерді су басуы мүмкін деген қауіп бар.