«Алматының 1000 жылдығына 1000 қайырымды іс» шарасының аясында сенбі күні «Медеу» паркінде осы жылдың бірінші сенбілігі болды. 150-ден аса адам қатысқан тазалық шарасында парк аумағынан қалалық полигонға 30 текшеметр көлемінде тұрмыстық қатты қалдықтар мен қураған ағаш қалдықтары шығарылды.
Сенбілікке «Медеу» паркінің қызметкерлері, «Жасыл ел» белсенділері, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті мен «Тұран» университетінің студенттері қатысып, ерекше белсенділік танытты.
Тазалық шарасына қажеті құрал-жабдықтармен түгелдей қамтылған тазалық сақшылары «Медеу» паркінің аумағын, «Кіші Алматы» өзені бойындағы «Медеу» паркінің жоғарғы және төменгі шекарасына дейінгі 120 гектар жерден қураған ағаштарды жинастырып, 5 туристік демалыс аймағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
«Медеу» паркі аумағындағы бұл сенбілік шарасы енді апта сайын жүргізілетін болды.