Медеудің мәселесі мұқым елдің бас ауруына айналды. «Алматының ең көрікті жері жетім қыздың күйін кешуде» деп әлеуметтік желідегілер ашынып жазған еді. Қызу талқыға түсті. Саяхатшылардың ең қалаулы демалыс орнына айналған Медеу аумағында шешілмеген түйткілді мәселелер көп. Мүшкіл күйге түскен мекенде қоқыс салатын жәшіктер мен жарықтандыру жоқ, одан қалса баспалдақтардың да тоз-тозы шыққан. Жауаптылар болса қашанғыдай құрғақ уәдемен құтылды.
Әлеуметтік желіде табиғатқа жанашыр оқырмандар Медеудегі мәселені қызу талқыға салды. Айтуларынша, онда жарық шамдары мен қоқыс жәшіктері мүлде орнатылмаған. Әжетхана тағы жоқ. Ал, 40 жылдан бері жөндеу көрмеген «Денсаулық баспалдағы» әбден ескіріп біткен. Десе де шенділер тиісті жауапқа келгенде, басқаша сайрады. Бітпейтін уәделері бар баяғы.
«Бүгінде ғаламтор қолданушылар мен журналистер бізді босқа сөгіп жүр. Медеуде біздің белгіленген өз шекарамыз бар. Оған Бутаковка мен Тұйықсу шатқалы, сосын Кемасар кіреді. Әлеуметтік желідегі суреттерге келсек, ондағы аймақ Медеу паркіне жатады. Солар жауап берсін»,- деді Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Дамир МАЛГЕЛДИЕВ.
Бітпес дауға айналған мәселеге Медеу паркі былай деп ақталды. Өздеріне тиесілі 708 гектар аумақтың 104 гектары жекенің меншігіне өтіп кеткен. Сондықтан олар өзгелерден гөрі өз ісімізге жауаппен қараймыз деп отыр. Ел шулағаннан кейін ғана әжетхана мәселесін реттеуді дереу қолға алмақ. Бұған дейін айқарап жүрсе керек дейді ел.
«Біздің қарамағымыздағы Медеу паркінде жарықтандыру жүйесі жұмыс істеп тұр. Қалғанын тек жекелей қараған дұрыс. Түнде де барып, тексерулеріңізге болады. Дәретхана мәселесін де реттейміз. Ал «Қазселденқорғау» мекемесіне қарайтын баспалдақтарды реттесін деп сан мәрте ескерттік»,- деді Алматы қаласы КММ МӨТП «Медеу» паркінің директоры Асқар ЕЩАНОВ.
Баспалдақтың бас ауры жарықтың жоқтығы мен тастардың тозуында. Қазір жөндеу жасау үшін жауаптылар қазынаға қол жайып отыр. Өздері түкке де қауқарсыз көрінеді.
«Біз ағымдағы жылы Медеу шатқалындағы 840 баспалдақтың барлық ақауларын анықтап, биыл 135 миллион теңге қарастырылып, мемлекетке жіберілді. Қоқыс жәшіктері қойылған. Түбін бетондап қазып қойылғаны бар, бұдан бөлек «Алматы тазалық» мекемесе алып кетеді»,- деді «Қазселденқорғау» ММ Алматы аумақтық басқармасы басшысының орынбасары Самат ДАУЛЕНКАНОВ.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мәселенің шеті шықты. Ондағы мәселеге жауаптылар жауапкершіліктен басын алып қашып отыр. Олар «белгіленген шекараларымыз бар»,- дейді. Ал оның ішінде Медеу паркінің басшылығы ғана, көптің сұранысы бойынша әжетханалар орнатып бермек. 1973-ші жылдан бастап жөндеу көрмеген «Денсаулық» баспалдағын келесі жылы күрделі жөндеу күтіп тұр.
Жадыра Омаржан, Талап Сағымбаев, «Алматы» телеарнасы