image0012014 жылы қарашаның айының 26 күніЖетісу аудан әкімінің қолдауыменэкология инспекциясы және білім басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жоғары азаматтық ұстаным және жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру, табиғатқа, экологияға деген патриоттық,  сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдету мақсатында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты аудан аралық байқау өткізілді.  Байқау №66 орта мектепте №3, 66, 87, 103, 110 мектеп оқушыларының қатысуымен 5 номинация бойынша өткізілді.

 

1.табиғи материалдардан жасалған үздік бұйымдар;

2.экологиялық тақырыпқа үздік плакат;

3.қатысушы топтар өздерін таныстыру;

4.экологиялық қойылым;

5.экологиялық сән үлгісі 

         Көрсетілген номинациялар бойынша №87 орта мектеп  I орын,  №110 орта мектеп II орын, №103 гимнизия III орындарға ие болып, барлық байқауға қатысқан мектеп оқушылары сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды. 

image002 image003 image004

image005 image006