Алматы қаласы әкімдігінің, сонын ішінде Жетісу ауданы әкімі аппаратының басты міндеттерінің бірі тазалықты қамтамассыз ету болып табылады.
Осыған орай, аудан басшылығы тарапынан нақты шаралар қолға алынып отыр.
Алматы қаласы Жетісу ауданы экология инспекциясы және көріктендіру бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тамыз айының 21 күні «Айнабұлақ-1» ықшам ауданында тазалау жұмыстары бойынша «Таза бейсенбі» іс шарасы ұйымдастырылды. Іс шараға 3 техника және 8 жұмысшы катысып, 16 м3 қатты тұрмыстық қалдық қалалық полигонға шығарылды.
Аудан тұрғындарынан рұқсат етілмеген аумақтарға қатты тұрмыстық қалдықтарын төкпеуін, рұқсатсыз жасыл желектерге зақым келтірмеуін, аудан аумағында жеке үйлердің аулаларында тұрмыстық қалдықтар мен жапырақтарды өртемеуін, от жақпауын өтінеміз. Аталған заң бұзушылықтар орын алған жағдайда табиғат қорғау полициясына немесе Жетісу ауданы экология инспекция бөлімшесіне хабарласуларыңызды сұраймыз.(тел.234-70-31)