Тау ландшафтарының эстетикалық әде­мілігін, бірегей табиғат кешендерін, экожүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру мақсатында «Медеу» паркі аумағына қарағай ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген шара барысында парк аумағына жаңадан 83 түп ағаш егілді. Қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі осы жылы парк аумағына жалпы алғанда 1000 түптен аса ағаш отырғызған.