5 маусым- Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні. 1972 жылы дәл осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау мәселесі  бойынша Стокгольм конференциясы басталды. Датаның таңдалуының себебі осында.


ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда экологтар күні ресми түрде 2011 жылдан бастап ресми түрде белгіленді.Бас Ассамблея өзінің қарарында  БҰҰ жүйесіндегі мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні қоршаған ортаны жақсартуға және қорғауға деген өз ұмтылыстарын көрсететін іс-шараларды ұйымдастыруға шақырды.Бас Ассамблеяның 27-інші сессиясында сондай-ақ, БҰҰ жүйесіндегі жаңа ұйым - БҰҰ-ның Қоршаған орта бойынша бағдарламасы (ЮНЕП) құрылды. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын ЮНЕП-тің қолғабыс етуімен атап өтіледі. 

Конвенция тізімінде Қазақстан да бар. Сондықтан аталмыш датаға орай «барлық адамзат баласы бір күн болсын табиғатқа мейірімділік танытса»  дейді табиғатты қорғау жанашырлары эколог мамандар.Ол өзіміз тұрып жатқан аймақтың экологиялық жағдайының бұдан әрі де жақсара түсуіне өзіндік септігін тигізері сөзсіз. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қала бойынша 48 маман өз жұмысын атқарып келеді.

«Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ мәліметінше,

Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі тым аз және жалпы массасының тек 3%-ын ғана құрайды. Ал АҚШ пен Франция сынды елдерде ТҚҚ қайта өңдеу үлесі сәйкесінше, 46% және 64%-ды құрайды, ал аумағын шағын Бельгия мен Жапония сынды елдерде 82% және 96%-ды құрайды. Қазақстанда ТҚҚ 90%-дан астамы арнайы полигондарға көму үшін шығарылады.

Қазіргі күні Алматы қаласында 2017 жылғы мәлімметтер бойынша сенбілік кезінде жинақталған ТҚҚ жалпы көлемі 19 935 м 3 асады. ТҚҚ көлемі халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын және халық саны артқан сайын алдағы жылдары екі-үш есе артып отыратындығы  мәлім. Қоршаған ортаны қорғау ел тазалығына бей жай қарамайтын әрбір азаматтың парызы.  Осы бағытта жұмыс жасап жатқан экологтарды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құтықтаймыз! Жұмыстарыңызға табыс тилей отырып алдағы табиғатты қорғау мақсатында жасалып жатқан жұмыстарыңыздың жемісін көріп, армандарыңыздың ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленулеріңізді және ең бастысы отбасыларыңызға денсаулық пен амандық тилейміз!