Қараша айының 16-сы күні №148 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Жетісу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мектеп-гимназия ауласында емен ағашының ұрығы егілді. Емен ағашын егуге 7-сынып оқушыларымен қатар, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы, Жетісу ауданы қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы Иешов Куаныш Серікұлы, №148 мектеп-гимназия директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты – туған жеріміздің табиғатын көркейту, экологиясын жақсарту, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін оята отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің тазалығына өз үлестерін қосуға, табиғатты аялауға баулу.