Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің Медеу аудандық бөлімшесінің қызметкерлері, аудандық қоршаған ортаны және экологияны бөлімшелерімен және КММ МӨТП «Медеу» қызметкерлерімен бірлесе бекітілген іс-шара жоспары бойынша 2015 жылы 3 қазан күні кіші Алматы өзенінің жағалауында санитарлық тазалығы бойынша «Bellagio» мейрамханасынан бастап «Горное Солнце» лагерінің бұрылысына дейін аумағы 2500 шаршы метр құрайтын локальді сенбілік ұйымдастырылды.
Төменде көрсетілген тізім бойынша:
Алатау ауданы бойынша - 10 адам, 1 камаз;
Алмалы ауданы бойынша – 10 адам;
Әуезов ауданы бойынша – 5 адам, 100 қап;
Бостандық ауданы бойынша – 5 адам, 1 жүк машинасы;
Жетісу ауданы бойынша – 10 адам, 100 қолғап
Наурызбай ауданы бойынша – 10 адам;
Медеу ауданы бойынша – 10 адам, 1 жүк машинасы;
«Медеу» паркі – 20 адам, 1 трактор, 1 жүк машинасы, бекіністік құрал-саймандар.
Сенбілік барысында 90 адам қатысып, 5 арнаулы техника жұмылдырылды: соның ішінде 3 жүк машинасы 1 камаз, 1 трактор. Жалпы ауданы 24 м3 қоқыс шығарылды.