16.11.2017 жылы Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, №188 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен, ауданымыздағы «Жомарт» және «Компания Алматы ДорСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қолдауымен «Перзент» балалар үйінде Наурызбай ауданы әкімінің бекітілген Медиа-жоспарына сәйкес «Мен өмірге құштармын!» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында «Жомарт» және «Компания Алматы ДорСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшыларының атынан балаларға базарлық таратылып, мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.