ҚОжәнеЭҚ қызметкерлері Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелеріне сәйкес сондай-ақ, аулаларын қоқыстан тазалау, жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру жұмыстарын жүргізуде.
Медеу ауданының Табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе, әкімшілік кодекстің № 505 және 386 бабына сәйкес, 932 әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, 16 745 292 теңге айыппұл салынды оның ішінде:
- ЖПИК, ПИК – 65 / 3 128 475 тг.;
- қоқыс шығару мекемесіне – 16 / 774 165 тг.;
- мердігер ұйымына – 27 / 1 611 960 тг.;
- жеке тұлғалаларға – 604 / 4 910 115 тг.;
- заңды тұлғаларға – 220 / 6 161 505 тг.
Қалалық ҚОжәнеЭҚ бөлімінен келген суреттер бойынша тазалау жұмыстары жүргізілді және атқарылған жұмыстары сурет түрінде қалаға берілді.
Алматы қаласы әкімінің бұйрығына сәйкес (көктемгі, күзгі)) іс-шарасына қатысты Алматы қаласы санитарлық тазалығы байланысты 20 сенбілік өткізілді.
Жоспарға сәйкес өзен арналарында сенбілік өткізілді:
- кіші Алматы өзені;
- Жарбұлақ өзені;
- Тіксай өзені;
- Есентай өзені
Барлық қатысқан адам саны – 3 930, 46 - техника, өзен жағалауының арнасы 13 280
шаршы метр, шығарылған қоқыс - 162 м3, жойылған қоқыс және құрылыс қалдықтар – 3, тазартылған арықтар жуйесі 15 400 шаршы метр.
Көктем және күз айларында қылқан және жапырақты 6 150 дана ағаштар отырғызылды, 11 дана қураған ағаштар анықталды.
Келіп түскен хаттармен және тұрғындардың арыздары бойынша жұмыстар жүргүзілуде, соның ішінде сенім телефон хаты бойынша 55 хаттар қаралды.
Мердігер ұйымын және қоқыс шығару мекемелерінің күнделікті қоқыс шығару графиктері қадағалануда.
Сондай-ақ өрт жағу бойынша салынған хаттамалар саны - 54, 296 940 тг. айыппұл салынған оның ішінде:
- жеке тұлғаларға 5 әкімшілік хатамалар толтырылып 296 940 тг. айыппұл салынды;
- заңды тұлғаларға 46 әкімшілік хаттамалар толтырылды (ескертулер)
және де жасыл желектерге № 386 ст. бойынша 37 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 869 610 тг. айыппұл салынды оның ішінде:
- жеке тұлғаларға 11 әкімшілік хатамалар толтырылып 646 905 тг. айыппұл салынды;
- заңды тұлғаларға 26 әкімшілік хаттамалар толтырылып 286 335тг. айыппұл салынды.
Алматы қаласы әкімінің және Медеу ауданы әкімінің жиналысының және күнделікті орынға шығып тексеру хаттамалары бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде. Фотоматериалдармен қалалық штабтың хаттамалық тапсырмалары орындалуда.
Сонымен қатар сенбі, жексенбі, мейрам күндері «Медеу», «Бутаковка» және «Қазақ ауылы» аумақтарында табиғатты қорғау полиция инспекторларымен бірлесе, от жағып ашық отта тамак, кәуәп пісірмеуін және тұрмыстық қоқыс қалдықтарын тастамау мақсатында, көріктендіру ережесін сақтау бойынша кезекшілік жұмыстары жүргізілуде.