14-қыркүйек 2018ж Алматы қаласы  Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі КММ халықаралық  «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» аясында іс-шара өткізілді .

Іс-шара С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектептің акт залында өтті. Бірнеше бөлімнен тұратын іс-шараға 5-6 сынып оқушылары арасынан 10 беленді окушы қатысып, «Медеу» паркінің дайындаған грамота  мен алғыс хаттарына ие болды. Сонымен қатар іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан 2 жетекші мұғалім, директордың тарбие жөнінің орынбасары мен мектеп директорына алғыс хаттар берілді.

Тақырыбы: «Аяласаң,табиғатты аяла» 

Мақсаты: Табиғатты қорғау,сақтау қажеттігі туралы ой,ынта  туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу,эмоциялық әсер ала білу,өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу,экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара бағдарламасы 6 бөлімнен тұрады: Ұйымдастыру бөлімі, Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау бөлімі; Сайыс бөлімі;Табиғатым- байлығым(мақал-мәтел сайысы);Орман сәні –құстар (Сөзжұмбақ);Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар (дыбыстық сұрақтар);Сайысымыздың кеш қонақтарына сөз беру бөлімі; (Орманшы мен «Медеу» парк қызметкерлері);Оқушыларды марапаттау («Медеу» парк дайындаған грамота мен алғыс хаттар);Ән шашу «Қазақстан» (Кішкентай бүлдіршіннен тамаша ән тарту).