Print3 Large1998 жылы сәуір айының 28 жұлдызында жарияланған №3929 «Алматы қаласының шекараларына өзгерту енгізу туралы» ҚР-ның президенті жарлығына сәйкес Алматылықтар мен қала қонақтарының дәстүрлі де сүйікті демалыс орындарына айналған жер Алматы қаласының шекарасына қосылды.

Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары тарапынан болатын табиғатқа деген кері әсерлері мен антрапогендік қысым салдарының алдын алу үшін өзгеше табиғи, әкімшілік нысан ретінде «Медеу» табиғат паркі құрылды. Бұл шешім толығымен Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары» заңына және Қоршаған ортаны қорғау талаптарының халықаралық қағидаларына тиісілі.

Алматы қаласының әкімшілігінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы №3/332 қаулысымен жергілікті мәндегі табиғатты қорғау дәрежесі бар мекеме ретінде «Медеу» Мемлекеттік табиғи паркі құрылды. Табиғи парктің басты мақсаттары мен міндеттеріне – бірегей табиғи кешендерді қорғау және қалпына келтіру, сонымен қатар адамдарға табиғатта демалудың, экологиялық туризімнің әр түрлі мүмкіндіктерін ұсыну, оны ғылыми тұрғыдан негіздеу жатады.

m2708,12 га жерді алып жатқан «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркіне Медеу, Шымбұлак, Бутаковка шатқалдары кіреді. Іле Алатау бөктерінде, Алматы өзенінің жоғарғы беткейінде орналасқан парк аумағы күрделі үйлесімді кейіпте сипатталған және Қазақстан табиғи байлықтары мол мемлекет.

Егер Сіз тау, өзен, орман сұлулығын тамашалап, денсаулығыңызды түзетіп және жақсы демалғыңыз келсе, онда біз Сіздерді күтеміз. Сіз шаңғы базасы «Шымбұлақ», «Бутаковка», көркем шатқалын, «Медеу» спорттық кешенінің әсемдігін тамашалай аласыз. Сондай –ақ табиғаттың таулы қыраттарын қызықтайтын экстремальді жандар үшін ұсынылған табиғи аймақ.

Экологиялық жүргінші жолдармен экскурсиялар, ғылыми – танымдық туризм, табиғаттағы толықтай демалыс, бір сөзбен айтқанда «Медеу» саябағында перспективті экологиялық туризмді дамытуға барлық табиғи жағдай жасалған .

Саябақ аумағы сәйкесінше көл беткейінен жоғары 1267-2250м абсолюттік белгілерде орналасқан. Тау етегінде орналасқан саябақтың ішінде өсімдіктің 17 түрі, эндемиктің 11 түрі ұсынылады.

2

БІЗДІҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫМЫЗ:

  • Мемлекеттік табиғат қорын, ондағы ландшафтар нысандарды сақтау, сонымен қатар, табиғатты қорғау ғылыми-оқу, мәдени – ағарту, туристік, рекраециялық және шектелген шаруашылық мақсатта бекітілген аумақтарды пайдалану.
  • Бірегей табиғат кешендерін, экожүйенің тұтастығын сақтау.
  • Бүлінген табиғи нысандарды қалпына келтіру.
  • Рекреациялық қолдану және түрлі деңгейдегі шектелген шаруашылық қызметі жағдайларында табиғи кешендерді сақтап қалудың ғылыми әдістерін әзірлеу және оны енгізуге қатысу.
  • Тұрғындарды экологиялық жағынан сауаттандыру іс-шараларын ұйымдастыру, оқу-таныстыру саяхаттарын, оқушылар мен студенттердің өндірістік тәжірбиелерін өткізу.
  • Табиғат жағдайларында реттелетін туризм және демалыс үшін жағдайлар туғызу. Шектелген шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру.

«Медеу» ерекше қорғалатын табиғи аумақта мыналарға тыйым салынады:

  • Табиғи нысандар, тарих, мәдениет, археологияның ескерткіштерін жою, бұзуға
  • Өзен-көлдерді, бұлақтарды және топырақты ластауға;
  • Қауіпті ластағыш заттарды сақтауға;
  • Арнайы рұқсат етілген жерлерден тыс туристік көлік тұрақтарын құруға, от жағуға;
  • Жолдардан тыс жерлерде көлікпен жүруге және көлікті қоюға.
  • Ұяларды, індерді және құмырсқа илеулерін бұзуға;
  • Рұқсатсыз ағаштарды кесу және сындыруға;
  • Қураған шөптер мен жапырақтарды жағуға, сәндік және дәрілік өсімдіктерді жинауға;
  • Мал бағуға және шөп шабуға;
  • Ағаштар мен тастарға белгі қойып, жазу жазуға;
  • Парк басшылығының рұқсатынсыз ғылыми, зерттеу жұмыстарын жүргізуге.