*КӨПШІЛІК КӨРІНІСІНЕ АРНАЛҒАН ЕСЕП*
*2026 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы*
*Ормандарды қорғау, өсімін молайту және қалпына келтіру бөлімі*
Есепті кезеңде «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КМҚ-ның Ормандарды қорғау, өсімін молайту және қалпына келтіру бөлімі табиғатты қорғау іс-шараларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ орман ресурстарын құру, қорғау, өсімін молайту және қалпына келтіру жөніндегі қызметті ұйымдастыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізді. Парк аумағында іске асырылатын табиғатты қорғау қызметінің барлық түрлері бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде бөлімге 13 кіріс хат келіп түсті, олар бойынша белгіленген тәртіппен жауаптар дайындалып, жолданды. 2026 жылғы 3 ақпанда «Алматы қаласы бойынша экология департаменті» РММ тарапынан «Медеу» МӨТП» КМҚ-ның 2026–2030 жылдарға арналған Басқару жоспарының жобасына № KZ23VCY02642241 оң қорытынды алынды. Сондай-ақ, ЕҚТҚ-ның (Ерекше қорғалатын табиғи аумақ) екі учаскесі бойынша да, соның ішінде ерекше мәртебесі бар учаске бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары алынды.
Есепті кезеңдегі жағдай бойынша «Баум тоғайы» табиғат ескерткішінде далалық орман орналастыру жұмыстары аяқталды, жалпы парк аумағы бойынша материалдарды жинау және дайындау кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта орман орналастыру жұмыстары қорытынды жобаны жасау сатысында, қорытынды орман орналастыру кеңесіне дайындық жүргізілуде, жұмыстардың аяқталу мерзімі келісу рәсімдерінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады. Екі нысан бойынша да жерге орналастыру жобалары бар және жұмыста пайдаланылуда.
Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 2/284 қаулысына, атап айтқанда «Медеу» МӨТП» КМҚ Жарғысының 16-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар дайындалды. Сондай-ақ «Жергілікті маңызы бар ЕҚТҚ көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлімнің 2026 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысы жоспарлы режимде жүргізілуде, қызметтің негізгі бағыттары қойылған міндеттерге сәйкес орындалуда. Бірқатар жобалар (орман орналастыру) бойынша жұмыстар аяқталу және белсенді іске асыру сатысында.
2026 жылғы 2 наурызда белгіленген тәртіппен «Баум тоғайы» табиғат ескерткіші аумағында 2026 жылға арналған 2000 тал-дарақты санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу үшін № 151756 орман кесу билеті ресімделіп, толтырылды. Орман кесу билетін ресімдеу кезінде құжаттың белгіленген нысанында көзделген барлық қажетті мәліметтер енгізіліп, тиісті тіркеу жүргізілді. Орман билетін толтыруды уәкілетті лауазымды тұлғалар белгіленген рәсімдерді сақтай отырып жүзеге асырды.
Орман кесу билетін ресімдеу және беру орман қоры аумағында көзделген жұмыстарды заңды түрде жүргізу мақсатында, сондай-ақ табиғатты қорғау және орман заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылды.
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» МӨТП» КМҚ-ның 2025 жылғы 16 сәуірдегі №5 бұйрығына сәйкес, 2026 жылға Баум тоғайы аумағында жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (хаттамалық атауы бойынша: Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) 2000 авариялық (құлау қаупі бар) және аурумен зақымдалған ағаштарды кесуге орман кесу билетін берді. Өз кезегінде, Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы 1000 ағашты санитарлық-іріктеп кесу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді.
2026 жылғы 3 наурыздағы № 16361125-ОК1 ашық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «OBSHCHESTVO INVALIDOV «SUNSHINE» Қоғамдық бірлестігі жеңімпаз деп танылды.
Аталған конкурстың нәтижелері негізінде Тапсырыс беруші — «Медеу» МӨТП» КМҚ мен «OBSHCHESTVO INVALIDOV «SUNSHINE» Қоғамдық бірлестігі арасында жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.
Қазіргі уақытта «OBSHCHESTVO INVALIDOV «SUNSHINE» ҚБ Баум тоғайы аумағында авариялық және аурумен зақымдалған ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын белгіленген тәртіппен жүзеге асыруда.
### «Медеу» орманшылығы
ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-III Заңының негізінде бөлім тарапынан бекеттерде (№1 Экобекет, №2 Экобекет) бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Демалушылар, тұрғындар, аумаққа кіретін автокөлік құралдары және т.б. тарапынан ЕҚТҚ аумағында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Парк инспекторлары үшін ай сайын «Кезекшілік кестесі» жасалады.
#### №1 Экобекет
Күн сайын бекеттік қызметке инспекторлар түседі, есепті кезеңде олармен келесі жұмыстар жүргізілді:
* Демалушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
* Заңсыз көше саудасы фактілеріне байланысты Алматы қ. ПД қызметкерлерімен әкімшілік айыппұлдар салынды;
* «Медеу» паркінің аумағын тазалау және жинау бойынша іс-шаралар өткізілді;
* «Медеу» паркі аумағындағы жасыл желектерге түгендеу (инвентаризация) жүргізілді;
* Өртті ерте анықтау жүйесін тексеру үшін жоспардан тыс оқу-жаттығу өткізілді;
* Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ЕҚТҚ ережелерін бұзған фотографтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды;
* Ақпараттық билбордтар сырланды, ретке келтірілді және өзекті ақпараттар ескеріліп жаңартылды;
* Қалалық мобильділік басқармасымен бірлесіп, жол белгілерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді, оларды сырлау, қалпына келтіру жұмыстары атқарылды, сондай-ақ кейбір жерлерге қосымша белгілер орнатылды;
* Фонтан маңындағы және бұғаттағыш (блокиратор) айналасындағы аумақты абаттандыру, соның ішінде тазалау, көгалдандыру және бұл нысандардың жалпы сыртқы түрін жақсарту жұмыстары жүргізілді;
* «Алматы Тазалық» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп аумақтағы құрғақ ағаштарды (сухостой) жинау жұмыстары жүргізілді;
* Аумақты аралау кезінде демалушылар мен туристердің негізгі шоғырланатын жерлері тексерілді, аралау кезеңінде дөрекі бұзушылықтар анықталған жоқ;
* Сондай-ақ Кіші Алматы өзені мен су қоймаларының маңында сақтық шараларын сақтау, демалыс аймағында, орман белдеуінде тазалық пен тәртіпті сақтау туралы түсіндірілді. Туристермен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау — от жақпау және өзендер мен су айдындарының маңында өзін-өзі ұстау ережелері туралы тұрақты түрде түсіндіру әңгімелері жүргізілді;
* Аумақты қар мен мұздан тазарту, соның ішінде қар массаларын жүйелі түрде жинау және шығару бойынша маусымдық қысқы жұмыстар жүргізілді.
Қосымша __ парақта.
#### №2 Экобекет
«Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумағына көліктің өтуін бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау-өткізу пунктінде тәуліктік нормада инспекторлар күн сайын кезекшілік қызметке түседі.
№ 2/122 08.04.2016 жылғы Қаулыға сәйкес, көлік жүктемесін және қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту мақсатында «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумағына (ЕҚТҚ) автокөлік құралдарының кіруіне шектеу қойылған. Бұған ҚР заңнамасымен анықталған көлік құралдары, сондай-ақ коммуналдық қызметтер, осы аймақта тұратын және (немесе) жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) оларға қызмет көрсететін көлік құралдары мен электромобильдердің өтуі қосылмайды.
Есепті кезеңде (қаңтар, ақпан, наурыз) бақылау-өткізу пункті арқылы 37 757 бірлік көлемде автокөлік құралы өткен.
|
№ |
Наименование |
Количество |
|
1. |
Жители (юр.и физ.лица) |
1256 |
|
2. |
Пропуски по письмам |
325 |
|
3. |
Коммунальные службы |
201 |
|
4. |
ЧС |
279 |
|
5. |
КНБ |
165 |
|
6. |
ДВД |
326 |
|
7. |
Военные |
206 |
|
8. |
Прокуратура |
213 |
|
9. |
СГО |
324 |
|
10. |
Электромобиль |
24 508 |
|
11. |
Такси |
20 893 |
|
12. |
Электроавтобус |
2 563 |
|
ИТОГО |
51 259 |
|
Электронды көліктер тіркелген — 17 507 дана (ағымдағы кезең бойынша).
Қызмет көрсететін таксомоторлық компаниялар — тасымалдаумен айналысатын такси компаниялары.
|
1. |
ТОО «Blue Sky Energy» электро такси |
11 ед |
|
2. |
ТОО «Travel Taxi» электро такси |
8 ед |
|
3. |
TOO «Green cars» электро такси |
24 ед |
|
4. |
TOO «Green cars» электро автобус |
2 ед |
|
5. |
ТОО «Іле-Алатау» электро такси |
10 ед |
|
6. |
ТОО «Оператор ЭЗС» электро автобус |
4 ед |
|
7. |
ТОО «SBS consulting» электро такси |
4 ед |
|
8. |
ТОО «A-CARS» |
51 ед |
|
9. |
ТОО «ECOVOLT» |
30 ед |
|
10. |
ТОО «БИЭС карс» |
19 ед |
|
11. |
ТОО «DAD’S CAR» |
30 ед |
|
12. |
ТОО «Fleetumum» |
111 ед |
|
13. |
ТОО «Evolux auto» |
5 ед |
|
14. |
ТОО «KAZ GREEN INVEST» |
9 ед |
|
15. |
ТОО «Turlov Timur property management» |
5 ед |
|
16. |
ТОО «IT-Logistics Group» |
20 ед |
|
17. |
ТОО «Sharaina Food» |
26 ед |
|
18. |
TOO «EZZY DELIVERY» |
23 ед |
|
19. |
ТОО «TAXI TECHNOLOGIES» |
13 ед |
|
20. |
TOO «ESENTAI SUCCESS» |
68 ед |
|
21. |
ТОО «ARUZHAN MD» |
8 ед |
|
22. |
TOO “NORZH ONLINE” |
10 ед |
|
23. |
Яндекс такси |
3150 ед |









Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 1/166 қаулысымен іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары үшін «Шымбұлақ» шатқалына кіру тәртібі қайта қаралды:
* 2023 жылғы 1 сәуірден бастап осы аймақта тұратын, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін тұлғалардың көліктері үшін кіруге шектеу қойылды;
* 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап осы аумақта қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың көліктері үшін кіруге шектеу қойылды.
Кіруге тек электромобильдерге, сондай-ақ арнайы техникалар мен коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің көлік құралдарына рұқсат етілген.
### «Баум тоғайы» орманшылығы
«Баум тоғайы» орманшылығы: ағымдағы жылдың қаңтар айында тоғайда кезекші инспектордың бақылауымен спорттық бағдарлау бойынша жарыс өткізілді. Баум тоғайының инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау, сондай-ақ тоғайдың тазалығын бақылау мақсатында тұрақты түрде жаяу патрульдеу және аумақты аралау жұмыстарын жүргізеді.
Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты ағаштардың, соның ішінде Сабақты еменнің (Дуб черешчатый) тамырымен құлау фактілері тіркелді. Барлық құлау жағдайлары актілермен рәсімделді. Қысқы уақыттағы қалың қардың жаууына байланысты ағаштардың сынуы (бурелом) тіркеліп, оларды инспекторлар құрамы жедел түрде тазалады.
Бүгінгі таңда тоғайды абаттандыру жұмыстары жалғасуда: 15 шақырымға жуық жол жөнделді, жарықтандыру орнатылды, балалар және спорт алаңдары, иттерді серуендетуге арналған алаңдар, орындықтар қойылды, бейнебақылау камераларын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан 2000 авариялық және аурумен зақымдалған ағаштарға Орман кесу билеті берілді, Экология және қоршаған орта басқармасы 1000 ағашты санитарлық-іріктеп кесуге рұқсат берді. Жұмыстарды «OBSHCHESTVO INVALIDOV «SUNSHINE» ҚБ орындауда.
*Ормандарды қорғау, өсімін молайту*
*және қалпына келтіру бөлімінің басшысы* ______ Б. Н. Айдаров
*«Медеу» орманшылығының*
*басшысы* ______ К. Б. Дәулетияров
*«Баум тоғайы» орманшылығының*
*басшысы* ______ А. К. Қуанышбекова

