Ормандарды қорғау, молықтыру және қалпына келтіру бөлімі
Ормандарды қорғау, молықтыру және қалпына келтіру бөлімі «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи парк» КММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Негізгі міндеттері
- қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- ормандарды қорғауды, күзетуді, молықтыруды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік орман қорының экологиялық әлеуетін сақтау және арттыру;
- орманды қалпына келтіру іс-шараларын дамыту және орман пайдалануды реттеу;
- табиғи кешендер мен биологиялық әртүрлілікті сақтау.

Негізгі функциялары
Бөлім:
- ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
- мемлекеттік орман кадастрын, орман мониторингін жүргізуді және орман қорын есепке алуды қамтамасыз етеді;
- орман өрттерінің алдын алу, оларды болдырмау және сөндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
- ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау және олардың санитариялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
- табиғат қорғау жобаларын, басқару жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
- парк аумағында табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау жүргізеді;
- табиғи кешендердің жай-күйі мен табиғат қорғау іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты жинақтап, талдайды;
- экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және заманауи табиғат қорғау технологияларын енгізуге қатысады.

Негізгі құқықтары
Өз құзыреті шегінде бөлім:
- құрылымдық бөлімшелерден қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
- мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және сарапшылармен өзара іс-қимыл жасауға;
- табиғат қорғау қызметін жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізуге;
- қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысуға құқылы.
Бөлімнің қызметі «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің табиғи мұрасын сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың тұрақты дамуына бағытталған.
