«Медеу-Шымбұлақ» тау шаңғысы курорт кешені.

«Медеу-Шымбұлақ» кешені тау шаңғы трассаларының күрделілігі бойынша әлемнің алдыңғы ондығына кіреді.Бүгінде Шымбұлақтың тау туризміндегі үлесі 86 %-ды құрап отыр.
Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ курортты базасының көздің жауын алатын әсем Алматыда орын тебуі туристерге аса қолайлылық тудыратыны анық.

Screenshot 1
Тау бөктерінде орналасқан, әлемдік деңгейдегі курорт түрлі мемлекеттердің саяхатшыларын шақыратын ұран болса керек. Алматыға келген туристер еліміздің өзге де қалаларын көруге деген қызығушы¬лығын оятатыны анық. Қазақстан туристер қауымдастығының мәліметінше, Алматыға келген бір турист мейрамханаға, қонақүйге, естелік заттарға және т.б. 1000-1300 доллар жұмсайды екен. Ал Бүкіләлемдік туристік қауымдастықтың дерегіне сүйенсек, жылдан-жылға өзге елде демалатын саяхатшылар саны арта түсуде екен.
Медеу мен Шымбұлақ біздің ұлттық мақтанышымыз. Туристік бағдарламалардың негізінде қоршаған ортаны қорғау шаралары, мәдени-тарихи мұраларды үндестіре қарастыратыны белгілі. Осыған байланысты Алматының туризм саласын дамыту бағдарламасы қабылданған.
Дәл қазіргі кезде туристерге қызмет көрсетуде Алматының 60 пайыз үлес алуы осындай ізденістердің нәтижесі. Медеу және Шымбұлақ таулы курорттарын кешенді дамытудың мәні де осында жатыр. Сондықтан да жобадағы мақсатты шаруалар толық жүзеге асса, курорт жергілікті, ұлттық және халықаралық рынокқа келушілерді сөзсіз өзіне тартатын болады әрі елімізде туризм саласын жетілдіре түсуге ықпалын арттырады.
Шымбұлақ тау шаңғысы трассасының жалпы ұзындығы 6 шақырым. Оның 4 шақырымы халықтың демалып, шаңғы тебуіне ыңғайлы. Жобаның жаңа түжырымы бойынша Шымбұлақта туристік инфрақұрылымды дамытып, қызмет көрсету сапасын заманауи абаттандыру керек. Шаңғы тебетін тау беткейін кеңейтіп, оны ұзарту арқылы жаңа трассалар салу негізінде жүзеге асыра беру керек. Беткейлерді спорт түрлеріне қарай бөлу, сырғанауды жаңадан үйреніп жүргендер мен кәсіби шаңғышыларға, сноубордистер мен спортшыларға өзіндік шаңғы тебу жолдарын жасаудың маңызы үлкен.
Screenshot 2

Мамандар Медеу-Шымбұлақ таулы курорты алда әлемдік жарыстарды лайықты жоғары деңгейде өткізуге мүмкіңдік беріп қана қоймай, Қазақстан спортшылары мен белсенді демалушыларға қолайлы жағдай жасайды, шетелдік туристерді көптеп тартып, Іле Алатауының әсем көрінісін қаз-қалпында сақтайды деген ойда. Қол жеткен табыстар Қазақстанның туризм саласы жаңа бір қуатты күшке ие болып, одан әрі дамуға бастау алуына алғы шарттар жасайды. Нәтижесінде Алматы әлемдік деңгейдегі қысқы спорт және демалыс орталықтарының бірі болады.