Блогтың құрметті пайдаланушысы!
Сіздің сұрақтарыңызға жауап беру мерзімін жеделдету мақсатында өтініштің мәнін нақты әрі қысқа баяндауыңызды сұраймыз.
Сұрақ қоймас бұрын облыстық мемлекеттік органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің блогтарында жарияланған материалдармен танысып шығуыңызды ұсынамыз. Сіздің сұрағыңызға жауап бұрыннан берілген болуы мүмкін және қажетті ақпаратты сол жерден таба аласыз.
Өтініштеріңізді сауатты әрі әдеби тіл нормаларын сақтай отырып жазуларыңызды сұраймыз. Мемлекеттік тілге және ұлтаралық қатынас тіліне құрметсіздік танытатын, олардың емле, грамматика және тілдік нормаларын елемейтін өтініштер мазмұнына қарамастан жарияланбайды.
Модератор өтініштің жалпы мағынасын өзгертпей, мәтінді редакциялауға, анық байқалатын емле және грамматикалық қателерді түзетуге құқылы.
Төмендегі жағдайларда өтініш жарияланбайды (модерациядан өтпейді), егер онда:
- мемлекеттік құпияларды, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтер болса;
- есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануды насихаттайтын, алкоголь және темекі өнімдерін жарнамалайтын, порнографиялық немесе сексуалдық-эротикалық сипаттағы ақпарат, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тектік артықшылықты дәріптейтін мәліметтер болса;
- қорқыту, балағаттау, жала жабу, басқа қатысушыларға, жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты расталмаған әрі субъективті жағымсыз пікірлер қамтылса, басқа этностар мен діни бірлестіктер өкілдерінің құқықтарын бұзатын немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарына нұқсан келтіретін мәліметтер болса;
- үшінші тұлғалардың жеке деректері олардың келісімінсіз жарияланса;
- спам, жарнамалық ақпарат немесе коммерциялық мақсаттағы материалдар болса;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылса;
- бейәдеп сөздер, былапыт лексика немесе соған қатысты сөздер мен ишаралар қолданылса (мұндай хабарламалар автоматты түрде жойылады).
Бір мәселе бойынша бірнеше рет қайталанып өтініш жолдаудан, көлемді пайымдаулар мен жауаптардың мазмұнына қатысты бағалау пікірлерін жазудан, сондай-ақ әртүрлі файлдарды, басқа интернет-ресурстарға сілтемелерді, құжаттарды, суреттерді және бейнематериалдарды қосудан бас тартуыңызды сұраймыз.
Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда мұндай өтініштер мен сілтемелер модератор тарапынан жойылады.
Блог-платформаға келіп түсетін өтініштердің авторлары туралы ақпарат қатаң құпия сақталады.