26eee9f0 101f 457e 8cf0 f975d7fa4579

Құрметті келушілер!

Сіздерді «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер деп қарсы алуға қуаныштымыз!

«Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ Алматы қаласының аумағында орналасқан және ерекше қорғалатын табиғи аумақты сақтау, қорғау, тиімді пайдалану және дамыту бағытында қызмет атқарады. Қазіргі уақытта «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің жалпы аумағы 842,4 гектарды құрайды. Оның құрамына Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Бутаков шатқалы және Баум тоғайы кіреді.Бұл ресми сайт әрбір азаматқа «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметі туралы қажетті ақпарат алуға, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге, сондай-ақ қабылданып жатқан шешімдер бойынша ашық диалогқа қатысуға мүмкіндік беру мақсатында құрылған.Сайт арқылы мекеменің қызметіне қатысты өзіңізді қызықтырған кез келген сұрақты қойып, қажетті ақпарат ала аласыз.Біздің мекеменің ақпараттық порталы келушілерге «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметімен жан-жақты танысуға, табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуға және пайдалы ақпарат алуға ықпал етеді деп сенеміз.

«Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын әрдайым қуана қарсы аламыз!

Құрметпен,
КММ «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»  директоры
Мықитанов Ұзақ Жамбылұлы