Блогтың құрметті пайдаланушысы!
Сіздің сұрақтарыңызға жауап беру мерзімін жеделдету мақсатында өтініштің мәнін нақты әрі қысқа баяндауыңызды сұраймыз.
Сұрақ қоймас бұрын облыстық мемлекеттік органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің блогтарында жарияланған материалдармен танысып шығуыңызды ұсынамыз. Сіздің сұрағыңызға жауап бұрыннан берілген болуы мүмкін және қажетті ақпаратты сол жерден таба аласыз.
Өтініштеріңізді сауатты әрі әдеби тіл нормаларын сақтай отырып жазуларыңызды сұраймыз. Мемлекеттік тілге және ұлтаралық қатынас тіліне құрметсіздік танытатын, олардың емле, грамматика және тілдік нормаларын елемейтін өтініштер мазмұнына қарамастан жарияланбайды.
Модератор өтініштің жалпы мағынасын өзгертпей, мәтінді редакциялауға, анық байқалатын емле және грамматикалық қателерді түзетуге құқылы.
Төмендегі жағдайларда өтініш жарияланбайды (модерациядан өтпейді), егер онда:
Бір мәселе бойынша бірнеше рет қайталанып өтініш жолдаудан, көлемді пайымдаулар мен жауаптардың мазмұнына қатысты бағалау пікірлерін жазудан, сондай-ақ әртүрлі файлдарды, басқа интернет-ресурстарға сілтемелерді, құжаттарды, суреттерді және бейнематериалдарды қосудан бас тартуыңызды сұраймыз.
Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда мұндай өтініштер мен сілтемелер модератор тарапынан жойылады.
Блог-платформаға келіп түсетін өтініштердің авторлары туралы ақпарат қатаң құпия сақталады.

Құрметті келушілер!
Сіздерді «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер деп қарсы алуға қуаныштымыз!
«Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ Алматы қаласының аумағында орналасқан және ерекше қорғалатын табиғи аумақты сақтау, қорғау, тиімді пайдалану және дамыту бағытында қызмет атқарады. Қазіргі уақытта «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің жалпы аумағы 842,4 гектарды құрайды. Оның құрамына Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Бутаков шатқалы және Баум тоғайы кіреді.Бұл ресми сайт әрбір азаматқа «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметі туралы қажетті ақпарат алуға, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге, сондай-ақ қабылданып жатқан шешімдер бойынша ашық диалогқа қатысуға мүмкіндік беру мақсатында құрылған.Сайт арқылы мекеменің қызметіне қатысты өзіңізді қызықтырған кез келген сұрақты қойып, қажетті ақпарат ала аласыз.Біздің мекеменің ақпараттық порталы келушілерге «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметімен жан-жақты танысуға, табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуға және пайдалы ақпарат алуға ықпал етеді деп сенеміз.
«Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын әрдайым қуана қарсы аламыз!
Құрметпен,
КММ «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» директоры
Мықитанов Ұзақ Жамбылұлы
сәрсенбі 11.00-13.00