Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.Көктем айы келгелі жаңарған жер жүзіне әр азамат өз  күші келгенше үлес қосып жатыр. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген қазақтың мақалын тірілтуге ҚазҰТУ дың жақсылыққа жаны құмар, оқу үздіктері белсене ат салысты.Студенттердің белсенділігін арттыру және табиғатты қорғау мақсатында университетіміздің түлектері Алумни ассоциациясының «Алтын түлек » жобасы бойынша Медеу саябағы аумағында жаңа көшеттер отырғызды.Университетіміздің алға ұстар түлектерін  алғыс хатпен Медеу аудандық экологиялық бөлімінің басшысы Ескендіров Мақсат  Айтуғанұлы және Медеу аудандық экологиялық бөлімінің аға кеңесшісі Баймұрат Аслан Күлмұханұлы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі мекемесінің маркетинг, мониторинг және бақылау бөлімінің басшысы Жайлемисова Шолпан Башырқызы және осы мекеменің көріктендіру және коммуналдық  шаруашылығының бөлім бастығы Маматаев Әсет Сайлаубекұлы мараппаттады.

IMG 3099

Алматы қ. әкімінің 2014жылдың 26 наурызындағы №31ө қаулысына  сай санитарлық тазалау бойынша жалпы қалалық сенбілік өткізілді.

«Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу»  мемлекеттік өңірліктабиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндеосы күні 60 адамның қатысуымен «Беладжио» мейрамханасынан «Медеу» спорттық кешенінің аумағына дейінгі аралықтан қатты тұрмыстық қалдықтар тазартылды оның ішінде Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің 30 студенті және Медеу паркінің 30 қызметкері қатысты.

DSCF1434 DSCF1436

2014жылдың15ақпанда Алматы қаласы Табиғи ресурстар басқармасы қолдауымен «Горное солнце» демалыс аймағында жоғарғы білімді студенттер және мектеп оқушылар арасында экология күніне байланысты «МультиОлимпиялық ойын» өткізілді.

ҚЭИ және «Медеу» МӨТП КММ қызметкерлері қатысты.

Алматы да бірінші рет МультиОлимпиялық ойын өтті, туған өлкеге арналған экологиялық ойынға Қазақстаның олимпиядалық құрамасының қолдауымен 10команда қатысты:

1 Қазақ Ұлттық Университеті

2 Қазақ спорт және туризм Академиясы

3 Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

4 ҚазҰУ «Сенат Студенті»

5 Ұлттық Тағам Денсаулық Орталығы «Помидорчик»

(Медунивеситеті)

6Ұлттық Тағам Денсаулық Орталығы «Энерджайзер»

(Медунивеситеті)

7 Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

8 Туран Университеті

9 КИМЭП Университеті

10 Санкт-Петербург Гуманитарлық Университеті

Аталған мерекелік іс-шара қоршаған ортаны қорғап, оны аялауға бағыталған