Конституция - мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі!
Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарға ұқыпты болған жағдайда ғана біз Республикамызды гүлдендіре аламыз.
Сіздерге бақыт пен бейбітшілік, мейірімділік пен береке тілей отырып, біздің отанымыз – Қазақстан Республикасын көркейту мақсатындағы еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер.
2018-ші жылдың 11-ші тамызында Алматы қаласы «ТОО Business applications solutions » қызметкерлері мен жетекшілерінің уйымдастыруымен «Медеу» МӨТП аумағындағы «Bellagio» ресторанынан эко-пост-қа дейінгі аралықта, Алматинка өзенінің бойымен сенбілік жұмыстарын жүргізілді. Сенбілік жұмысында қызметкерлер 50 адам болып еңбектенді. Аталған іс-шара «Медеу» КММ МӨТП -мен бірлесіп жүргізілді. Жиналған қалдықтың көлемі –4м³ құрады.
2018 жылдың 09 шілде күні «Медеу» КММ МӨТП аумағында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағы (ары қарай - «Жасыл ел» ЖЕЖ) және Оңтүстік Корея елінің студенттерінің қатысуымен сенбілік өткізілді. Сенбілікке 50 студент қатысты.
Парк аумағы құрғақ ағаштардан және қатты қалдықтардан тазартылды, жиналған қалдықтың көлемі - 5 м³.
Сіздерді Астана күні мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл мереке әрбір Қазақстандық үшін жалпыхалықтық маңызы зор мереке болып табылады. Қазақстанның мақтанышы Астана – бейнесі жаңа, серпінді даму үстіндегі ел тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Еліміздің экономиклық және мәдени өмірі қысқа тарихи кезеңде қала орталығына айналды.