Медеу паркінің аумағы, біраз уақыттан бері Алматы қаласын Іле-Алатау таулы қыраттарымен байланыстыратын «дәлізі» ретінде танымал.
Біздің басымдылығымыз экожүйенің біртұтастығын, парктегі бірегей табиғи кешендерді сақтауға негізделген. Біз аумақтағы мемлекеттік табиғи қордың, ландшафттардың және объектіледің жағдайына жауапбереміз, соныменн қатар паркке бекітілгең аумақтарды табиғат қорғау, ғылыми, оқу, мәдени-ағартушылық мақсатында қолданамыз.
Парк аумағы, сұлулық жағынан таңқаларлық жер төңірегі. Ол тек Алматылықтарды ғана емес, сондай-ақ Европа, Азия, Американың біраз өңірлерін тамсандырады. Аумақтың бірегей табиғи жағдайы- ол қолайды ауа-райы және таулы ландшафттардың айтарлықтай эстетикалық тартымдылығы, байлығымен, өсімдіқ әлемінің әртүрлілігімен, бәрінен бұрын көне дәуірдің таңбасы бейнеленген қылқанжапырақты ормандармен толықтырылады. Парк флорасында, таулы «текшелерде» өсетін өсімдіктердің 17 түрі және эндемиктердің 11 түрі бар. Медеу паркінің алуан түрлі өсімдік әлемінің өкілдері ішінде ең ғажабы- Шренка шыршасы және Сиверс алмасы болып табылады.
Бұл жерде бірегей табиғаттан басқа, демалыстың барлық тамашасымен тынығуға мүмкіндік беретін туризмнің түрлі бағыттарын табуға болады.
Қалалық тұрғындардың санының өсуіне байланысты ормандардың зияндылығын рекреациялық іс-шаралар арқылы азайту үшін арнайы шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: орманға баратын адамдардың рұқсат етілген санын нормалау, рұқсат етілген жүктемелерді ескере отырып, демалыс жолдарын реттеу, кіретін жолдарды салу, жаяу жүргіншілер жолдары мен туристік маршруттарды салу, рекреациялық аймақтарды ұйымдастыру, орман тәртібінің ережелерін түсіндіру және т.б.
Орман массивін сақтаудың негізгі жағдайы- орманды уақытылы қалпына келтіру болып табылады. Ол үшін қылқанжапыракты және жалпақ жапыракты өсімдіктердің кешенді отырғызуы жүргізіледі, сонымен қатар отырғызу ағаштардын, бұталардың және шөптесіндердің топырағын жақсартады.
«Медеу» паркіне қош келдіңіздер!